Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 25 ақпан күні Орал қаласының № 5, 10, 18, 19 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді.
Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Демек оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін колледж оқытушылары жыл сайын қала, аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізеді.
«Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі Ш.Е.Мұхтарова колледждегі мамандықтар тізімімен таныстырып, емтихан түрлеріне тоқталып өтті. Г.Б.Сұлтанова мектеп оқушыларына колледждің материалды – техникалық базасы мен тарихы таныстырымын ұсынды. Колледжіміздің жеткен жетістіктерін таныстыру үшін жыл сайын мектеп оқушыларын арнайы экскурсияға шақырамыз. Сәуір айында бітіруші түлектер мен ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні өткізіледі.