Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 26 ақпан күні Қаратөбе ауданы бойынша Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы ЖОББМ, Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ, Жамбыл атындағы ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Б.М.Каримова алғы сөзбен ашып, мектеп оқушыларына колледждегі мамандықтар тізімімен Б.Б.Құрманғалиева таныстырып, емтихан түрлеріне тоқталса, С.С.Жумиева «ZHAHANSHA BOOK» жол сілтеуші нұсқаулықпен, колледждің тарихы, кадрлар құрамы, материалды-техникалық базасы, «Студенттер» үйі туралы ақпаратпен бөлісті. Студенттер арнайы дайындаған видеотелімдері арқылы «Жағаңда өстім Жайығым» және «REDx» т.б жобаларымен таныстырды. Колледжіміздің белсенді студенттері «Жаhанша» шәкіртақы иегері, «Жаhанша» адалдық алаңы жобасының жетекшісі, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, түрлі республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Орынбасар Береке өлең оқыса, «Мұқағали оқулары» төсбелгісінің иегері, жас ақындар байқауының бірнеше мәрте жүлдегері Әлібекұлы Ақтілек өз шығармашылығымен бөлісті.