25 ақпан күні студенттер үйінің тәрбиешісі Г.Т. Шахаеваның ұйымдастыруымен «Алғыс айту- парызымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» және «адамгершілік» құндылықтары түсініктерін кеңейту, үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру және үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге студенттер белсене қатысып, соңында бір-біріне рахмет айтып, алғыс білдірумен аяқталды.