2021 жылдың 18 ақпан күні студенттер үйініңтәрбиешісі А.Т.Нугманованың ұйымдастыруымен «Мамандығым болашағым» тақырыбында 1 курс студенттері мен жоғары курс студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: бірінші курс студенттерін жоғары курс студенттерімен кездестіре отырып, пікір алысуға, өмірге,қоршаған ортаға деген жүйелі көзқарас қалыптастыруға,сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға ұмтылысты оятуға бағыт беру және студенттік өмір туралы қызу пікірталастың болуы.
Дөңгелек үстелге студенттер ұйымшылдықпен белсенді қатысты.