2021 жылдың 15 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінің ашылуы өтті.Кураторы Бекбулатова А.С. ұйымдастыруымен шараға 1асКШР топ студенттері қатысты.
Іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды, қатысушылар мен қонақтарға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Студенттердің өнері жарқын әсер қалдырды. Студенттер өздерінің шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асырып, сонымен қатар өз қатарластарымен және оқытушылармен арадағы ынтымақтастық қабілетін, коммуникативті дағдыларын көрсетті.