Бүгін колледжімізде «ЫНТЫМАҚ» еріктілер ұйымына қабылдау шарасы өтті.
Шара барысында сөз алған директордың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары – Қосай Хамидоллаұлы еріктілер қатарына қосылуға қадам жасағалы отырған студент жастарға сәттілік тілей отырып, «ЫНТЫМАҚ» еріктілер ұйымына толағай табыстар тіледі.
Шара «ЫНТЫМАҚ» еріктілер ұйымының аға буын өкілдерінің 1 курс студенттеріне арналған түрлі тренингтарымен жалғасын тауып, карантиндік талаптарды сақтай отыра өтті.
Айта кететін жайт, осы шара барысында "Ынтымақ" еріктілер ұйымының қатары жаңа мүшелермен толықты. Шара соңы көңілді GITARA PARTY жəне "MAFIA" ойынымен тәмәмдалды.