Zhahansha_life бағдарламасының «StoriesTime» онлайн шарасы өтті.
Тақырып: «Әлеуметтік желі» туралы.
Виртуалды өмір біз үшін ізденуде, жан-жақты ақпарат жинауда жылдамдықты, ашықтықты қамтамасыз еткенімен, зиянды жағыда жоқ емес. Шара барысында колледж психологы - Назерке Хамитқызы өткізген «Ғаламтор ғаламаты» атты психологиялық тренингі шара барысында жастардың белсенділігін оятты. Ғаламторда уақытты бос өткізбеу, бөгде адамдармен жақын таныспау, кибер шабуылдан қорғану сынды тақырыптарда пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Колледждің ресурстық орталығының маманы – Алихан Андрейұлы жастарға әлеуметтік желіні тиімді пайдалуға кеңес берді. Әлеуметтік желі десе жылт ете қалса бар назарыңды аударатын ұялы телефон есмізге түседі. Әсіресе көбіміз instagram, whatsapp-пен әрі дегенде фейсбукпен шектеліп жатамыз. Ондағы қарайтынымыз досым қайда жүр?, көршім не істеп жатыр? деген сұрақтарға ғана жауап береді. Ал Алихан Андрейұлы біз күнделікті қолданбайтын iTalki, Udemy атты әлеуметтік желілердің бізге берер пайдасы мол екенін ескертті, бұл қосымшалар арқылы өз тәжірибиесінде жеткен жетістіктерімен де бөлісті.
Шараны «Әлеуметтік желіде кімнің оқырманысыз?!» онлайн байқауының нәтижесімен қорытындыладық. Белсенді қатысқан студенттеріміз колледж директоры атынан Алғыс Хаттарға ие болды.