Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. “Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деген болатын.
Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Осы мақсатта 01.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Достық» клубының жетекшісі А.Урашева және мүшелерінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға топ жетекшілері, сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Искалиева қатысып, студенттерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Мерекелік шара үш тілде жүргізіліп, студенттер әр ұлттың әндерін орындап, би биледі. Алдағы уақытта да «Достық» клубының тәрбиелік мақсатта өткізілетін шаралары мұнымен шектелмейді.
Ағылшын пәні мұғалімі А.Урашева