Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ағымдағы жылдың 19-шы қараша күні Орал қаласының білім беру бөлімімен бірлесе отырып қаламыздағы 51 мектептің басшыларына арналған «Өзгерістерді басқару. Цифрлық кеңістіктегі білім беру үрдісін басқару» атты семинар-кеңес өткізді.
Онлайн форматта ZOOM конференциясында өткізілген аталмыш шараға Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А.М.Темирханова модераторлық жасаса, шараға арнайы колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы С.М.Бахишева, директордың орынбасарлары қатысты.