23.09.2020 Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде қала күні мерекесіне арналған «Тарихы тұнған құт мекен!» тарихи-танымдық онлайн шарасы өтті. Жаһанша колледжі You Tube арнасында тікелей эфирде өткен мерекелік шара барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хабирұлы және колледж директоры Бахишева Светлана Мендіғалиқызы қала күніне арналған құттықтау сөз сөйледі.
Тарихи-танымдық шара Орал қаласы тақырыбына арналған онлайн сайыспен жалғасын тапты, сайыс жеңімпаздары жуық арада instagram әлеуметтік желісінде @pedcollege_official, @zhahansha_zhastary парақшаларында және facebook әлеуметтік желісінде Жаһанша колледжі парақшасында жарияланатын болады.