Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 18 мамыр күні «Түлектерді жұмысқа бөлу» шарасы қашықтықтан ұйымдастырылды. Шараға облыстық, аудандық, қалалық білім беру басқармаларының басшылары, колледж директоры – С.М.Бахишева, директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары - М.С.Мұқашев және бітіретін топтардың жетекшілері қатысты.
Шараны өткізу барысында алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, аудан бойынша колледжді бітіретін түлектердің тізімі білім беру басқармаларына жіберіліп, аудандарға қажетті сұраныстар мен бос орындар анықталды. Шара барысында колледж директоры - С.М.Бахишева түлектер туралы мәлімет беріп, аудандардан келген сұраныстарды талдап өтті.
Қазіргі таңда еңбек нарығында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері , орыс тіліндегі мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне деген сұраныс артып отыр. Осы қажеттілікті өтеу барысында колледж директоры аудандық білім беру басшыларына мектеп бітіруші түлектерді колледждегі аталмыш мамандықтарға бағыттау туралы ұсыныс білдірді.