31 наурыз – 1 сәуір күндері Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Ынтымақ» еріктілер тобының мүшелері «BIRGEMIZ» жалпыұлттың волонтерлер қозғалысымен бірлесе отырып Орал қаласы тұрғындарына қала аумағында 31 наурыздан бастап COVID-19 вирусының таралуының алдын-алу мақсатында карантин жариялануына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар үлестірді.
Қала тұрғындарына карантин уақытында үйде болуларына кеңес беріліп, тек дүкенге азық-түлік алуға, дәріханаға дәрі-дәрмек алу үшін шығуға болатындығы түсіндірілді.