Қазіргі таңда, қашықтықтан оқытуға көшкен оқу орындары басшылары мен үйден жұмыс жасап отырған оқытушылардың да өз міндеттері бар.
Біз үйлерінде жұмыс жасап отырған оқытушылармен үнемі байланысты "ZOOM" бағдарламасы арқылы жүргізіп, туындаған мәселелерді онлайн қарастыруға үйреніп алдық
Бүгінгі видеоконференцияда порталға күнбе күн сабақ кестесі бойынша орналастырған материалдар мен тапсырмалардың сапасы және студенттерді оқумен түгел қамту туралы сұрақтар талқыланды.
Сабақ тоқтауға тиіс емес. Бүгінгі заманның цифрлық дамуы, қолда бар электрондық ресурстар оған мүмкіндік береді. Ресурстар жетеді. Біздің веб-сайтымызда, сілтемесі - http://pedcollege.kz/kz/distantsionnoe-obuchenie қашықтықтан оқытудын ресурстары мол.
Студенттер мен оқытушылар ондағы электрондық кітапхана, виртуалық семинарлар, видеороликтер, авторлық оқулықтар сияқты өз ресурстарымызбен қатар, еліміздегі кәсіптік білім беру оқулықтарының электрондық ресурстарын жүктеп ала алады.
Мәселе -адамда.
Оқытушылар тынымсыз жұмыс жасап жатыр. Тіпті, кейбір әріптестеріміз өзіміздің "жаңа цифрлық" даму мүмкіндіктеріміз ашылуда дейді. Ал, түрлі жағдайлармен үйден жұмыс жасауға компьютер құралдары жоғына есептегі ноутбуктер мен нетбуктерді уақытша беруге тура келуде. "Тек жұмысқа келмеңізші, үйде отырып жұмыс жасаңызшы" деп өтініп те жатырмыз.
Сондай-ақ, студенттеріміздің ішінде де күн сайын хабарласып, тапсырмаларын орындап жүргендері жетерлік, ал, интернет қолжетімсіз жерлерге "Казпочтамен" тапсырмалар жіберілуде. Әрине, проблема жоқ емес. Бір-екі "тыныштыққа еніп кеткен" студенттеріміздің ата-аналарына хабарлассақ, жайбарақаааат қана "ее, ол ана ауылға бір шаруамен кетіп еді, екі-үш күнде келіп қалар..." дейтіндер де табылып жатыр...Бүгін-ертең бұл жұмысты да реттейміз деп ойлаймын..Бастысы- талап ету, қадағалау.
Осынау бәрімізге сынақ мезгілде жұмыла кіріссек барлық мәселеге шешім таба аламыз. Амандықпен жүздесейік!