Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсеткен болатын. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған.
Оның бір дəлелі Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы. Алдағы жыл – жастар жылы! Сондықтан, жастарымыз тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп, бүгінде тек алға ғана ұмтылуы керек екендігі барлығымызға мәлім. Осы орайда,колледжімізде «Ер ертеңі-Жастар» атты онкүндік аясында«Болашақ-жастар көзімен» тақырыбындатоп жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді.