ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялануына байланысты, 11 наурыз күні колледжімізде Облыстық жастар ресурсы орталығының директоры Мейірбек Асқарұлының қатысуымен «Ынтымақ» және «Руханият» еріктілері кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында аталған еріктілердің осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар еріктілер өз ұсыныстарын ортаға салып, алдағы уақытта қандай жоспарлары бар екендігін айтып талқылады. Айтылған мәселелердің барлығы еріктілердің қозғалысын дамытуға жаңа серпін беріп, жастар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік берді.