"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" кафедрасында оқытушылар біліктілікті арттыру және тәжірибемен бөлісу мақсатында әдістемелік сағаттар өткізеді. Осы жолы оқытушы Сарсенгалиева А. Б. әріптестермен "Роботехника" жаңа технологиясымен танысу бойынша әдістемелік сағат өткізді.
Бұл технологияға "Робомышь", "тышқан алгоритмі" кіреді, бұл технологияның мақсаты – мектепке дейінгі баланың логикалық ойлауын дамыту, барлығына қозғалыс алгоритмін құру, робототехникаға деген қызығушылықты тәрбиелеу. Оқытушылар тәжірибелік жұмыс барысында қозғалыс алгоритмін құрастыруда, РОБО-тышқан бағдарламалауда өздерін сынап көрді,сабақта қолданылатын технологияларды еске түсірді.