Бүгін студенттер үйінің тұрғындарымен «Өзіңді туберкулездан қорға!» тақырыбында Орал қаласының ТКҚСҚБ басқармасының бас маманы Ахметкалиева Кибат Джамеловна, жетекші маман Көшекова Мариям Қазизоллақызымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Туберкулез туралы дерек бере отырып студенттердің өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру.
Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.