Наурыздың 3 күні 1аРДО-9, 1аРШО-9, 1аКШР-9 топ студенттері салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Облыстық ЖИТС-ке қарсы және оның алдын-алу» орталығының маманы Гүлнәр Кимқызы Умбетовамен кездесті.
Кездесу барысында зиянды әдеттердің алдын-алу, ЖИТС/АИТВ-дың таралу жолдары мен профилактикалық шаралар туралы кеңінен түсіндірді. Өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.