28 ақпан күні Мұнайшылар алаңының «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған кең көлемді мәдени көпшілік шаралар жоспарына сәйкес «Алғыс айту күніне орай» мерекелік шара өтті. Шараға колледжімізден «Ынтымақ» волонтерлар тобы және БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, басқа да арнаулы оқу орындарының студент жастары қатысты.