Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Тасқала ауданы, Қ.Сәтпаев атындағы ЖОББМ базасында БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары, қосымша білім беретін техникалық орталықтарының тәрбиеленушілері, колледж студенттері (6-19 жас) арасында өткен Республикалық «RoboLand - 2020» фестивалінің облыстық кезеңінде Жаһанша студенттері үлкен жетістікпен оралды.
«Сумо Гранд» категориясы бойынша Жасұланова Меңдіғаным (3аМК тобы) жəне Мерген Исламның (1аКБ тобы) дайындаған роботы 30 команданың ішінде жартылай финалға дейін жетіп, тамаша ойын көрсетті.
Хамит Райда (3аМК тобы) мен Жанболатқызы Ақжан (1аМК тобы) «Onstage» категориясы бойынша жүлделі ІІ орын алса, Азмұханбет Думан (3аМК тобы) мен Ундасын Фариза (1аМК тобы) "Робототехника - білім саласының болашағы" тақырыбындағы шығармашылық категориясы бойынша жүлделі II орын иегерлері атанды.
Жеңімпаздарымыздың жетекшісі Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Математика, информатика» кафедрасының информатика пән оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі және роботтық техника үйірмесінің жетекшісі Бекенова Сандуғаш Сағындыққызы.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!