20.02.2020ж күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйіңде волонтерлар жылына орай кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуімізге өзінің ерекше қайсарлығымен көзге түскен, қазіргі таңда Волонтерлар лигасының Орал қаласы бойынша төрағасы, Синергия университетінің өкілі - Габдуалиев Оралбек Килышулы қонаққа келді. Кездесу барысында, Оралбек Килышулы өзінің ерікті жұмысына қалай келгені жайлы сөз етті. Студенттерді сергіту бағытында әртүрлі тренингтер жүргізді.
Қазіргі таңда өзі жұмыс жасап жатқан «Волонтерлар Лигасының» сегіз бағытын атап, жұмыс жоспарымен таныстырды. Бұл ұйым – көптеген қайырымдылық жұмыстарымен айналысып қана қоймай, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында болған әртүрлі форумдардың ұйымдастырушылары болғандары жайлы да айтып өтті. Студенттер еріктілер жылына байланысты өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Кездесу соңында Оралбек мырза студенттерді өзінің қатарына қосылып, бірге жұмыстануға шақырды.
@oralbek_gabdualiev
@league_volunteers07