11 желтоқсан күні мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 1ас РДО «Люблю тебя мой Казахстан» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Бұл шараның мақсаты Тәуелсіздік жылдар аралығында Қазақстанның дамуы жөнінде білімдерін бекіту, кеңейту, патриозм мен Отанына сүйспеншілігін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының басында студенттер Қазақстанның ән ұранын орындады, презентация материалы арқылы Тәуелсіздік жылдарында маңызды оқиғаларын естеріне түсірді. Топтық жұмыс арқылы Ата Заңда берілген құқығы мен міндеттерін жұмбақтар арқылы естеріне түсірді, қазақ тіліндегі Қазақстан туралы мәтінде орыс тідіне аударды, «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойыны арқылы Отан туралы мақал-мәтелдерді қайталады, сондай-ақ мерекеге орай стенгазета салды. Рефлексия бөлімінде студенттер болашақта өз елі мен жерініңөсіп, жетілуіне қандай үлес қосар еді туралы ой-пікірлерін білдірді.