2019 жылдың 30 қараша күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының оқытушысы Т.У.Маденова 4с КДО тобында «Баланың тәрбиесі - отбасынын» тақырыбында әуенді-әдеби түрінде ата-аналар жиналысын өткізді.
Ата-аналар жиналысының басында топ кураторы колледж ішілік саяхат ұйымдастырды, әрі қарай ата-аналармен танысу және жақындасу мақсатында «Жылы жүрек» тренингі өтті. Жиналыс барысында ата-аналар жоспарланған тренингтерге белсене қатысып, берілген практикалық тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ жиналыста студенттер мен ата-аналар өлең жолдарын оқыды, ән айтты, студенттер колледжден алған білімдерін көрсете отырып, электронды сабақтарын көрсете білді.
Ата-аналар өз балаларын жаңа тұрғыдан көріп, қуаныштарын білдірді. Жиналыс рефлексия бөлімінде қазіргі кезде отбасы қандай болу қажеттігі туралы айтты.