05.12.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді жастары және әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова Орал қаласының тұрғыны, Кокчетавская 31 мекен-жайында тұратын, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» қызмет алушысы, І топ мүгедегі Кузнецова Надежда Константиновнаның үйіне барып, ауланың қарын тазалап, көмек қолын созды. Жастардың бұл ісіне риза болған Надежда Константиновна қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайтынын айтып, студенттерге алғысын білдірді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова