12 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" кафедрасының декаданың аясында "Тәрбиешінің шеберлік әлемі" тақырыбында достық сайысы өтті. Сайысқа бітіруші топтар, болашақ мамандар қатысушы ретінде болса, 2 курс студенттер көрермен, үйренуші рөлінде қатысты. Шара келесі кезеңдерден құралды:
Шара барысында студенттердің әрекеттері түрлі болғанынан өте қызықты және көңілді өтті.
Шараны кафедра оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева және Т.У.Маденова ұйымдастырды. Таныстыруда қатысушылар 3 минут уақытында топтың атын, ұранын және эмблемасын құрап, жарнамалады. "Кім тапқыр" кезеңінде тест тапсырмаларын орындады. «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымында жүзеге жолдарын постер арқылы көрсетті. «Машыққердің кәсіби қадамы» кезеңінде балалармен жұмыс түрлерін: серуен, қимылды ойын, ертегіні мәнерлеп оқу және сергіту сәтін үш тілде көрсетті. «Іскер қолдар» - бөлімінде әртүрлі материалдардан бүлдіршінді қызықтыруға арналған дидактикалық материал дайындады. 2 курс студенттері тек көрермен ғана болмай қызығушылық таңытып, шара барысында жоғары топ студенттерінің қатарына қосылды. Рефлексия барысында студенттер осындай практикалық сайыстар болашақ маманның білімі мен іскерлігін шыңдайды деп ой-пікірін білдірді.