8 қараша күні "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" декада аясында "Педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің мәселелері" атты әдістемелік-практикалық семинары ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты тәжірибелі мамандардың колледж студенттеріне мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы жаңалықтарымен бөлісу.
Өз тәжірибесімен бөлісуге колледж түлектері қазіргі кезде бірнеше жыл тәрбиеші болып істеген, әдіскер болып жұмыс жасайтын мамандар, ол Орал қаласының №28 М.д.Ұ әдіскері Арышева А.Т., Орал гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі және психологі Қуантаева Ұ.С. Сонымен бірге кафедра оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева және Т.У.Маденова тренинг, баяндама және дәстүрден тыс сурет салудың техникасын меңгеру шеберлік кластарын ұйымдастырды. Рефлексия бөлімінде студенттер "Еркін микрофон" арқылы осы шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Айтқан пікірлерінде осы мамандық қаншалықты қызықты және өзін ашуға көп мүмкіндік беретіні туралы айтты. Шараға 1,2,3 курс студенттері, сондай-ақ колледждің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөнінде орынбасары Ж.Ж.Жонкарбаева, кафедра меңгерушісі Нурланбаева Н.Е. белсене қатысты.