19 қазан күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 1 а РДО тобының ата-аналарымен "И все как в первый раз...." тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс дәстүрден тыс форматында өтті. Басталмай жатып ата-аналармен колледж ішінде экскурсия ұйымдастырылды, экскурсия барысында ата-аналарға колледж аудиторияларымен, кітапхана, жатакхана, ішікі безендіруімен таныстырылды.
Әрі қарай жиналысты колледж психологі бастады. Өл сөзінде бірінші курстармен өткізілген бейімделу сауалнама туралы ақпарат берді, әрі қарай колледждегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары колледждегі тәрбие жұмысының жүйесі, үйірмелер туралы, еңбек саясаты туралы сөйледі. Ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.
Жиналыстың келесі сәтінде топ кураторы колледждегі "Адалдық саясаты" туралы презентация арқылы таныстырды. Алған ақпараттармен ата-аналар топтық жұмыс арқылы постер қорғады, желім және түрлі-түсті қағазды қолданып коллаж жасады. Рефлексия бөлімінде ата-аналар жиналыс дәстүрден тыс өткенімен көп ақпарат алғандарын айтты.