2019 жылдың 16 қазаны күні «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім мазмұнын модернизациялау эксперименттіқызметін үйлестіру және тиімділігін арттыру мақсатында үйлестіру-әдістемелік кеңесі өтті.
«Жобаны іске асыру: сәтті бастама мен дамыту тұстары» тақырыбында оздырылған шара колледждің педагог-психологы Даулетова Венера Аманкосовнаның «командалық қызмет» психологиялық тренингтерімен басталды.
«Талқылау сұрақтары»айдарында екі сұрақ талқыланды:
1. «Оқу үрдісін ұйымдастырудағы жетістіктер мен жетілдіру тұстары» деген мәселе бойынша педагогика және психология пәндерінің оқытушысы,педагогика ғылымдарының магистрі Есенова Ляззат Сайкомовна, математика пәнінің оқытушысы, Сапахова Гулбаршин Мутигуллиновна,тарих пәнінің оқытушысы Журекенова Алия Бекесовна,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Каримова Бактиганым Максотовна өз тәжірибелерімен бөлісті.
2. «Студенттерді әлеуметтендірудің табысты шешімдері» атты мәселеге топ кураторлары Зайнуллина Анаргуль Талгатовна, Джумагазиева Асель Каримовна тоқталып, атқарылған жұмыстарымен бөлісті.
Кеңестің «Кәсіби даму сағаты» айдарындаколледжіміздің директоры,педагогика ғылымдарының докторы Бахишева Светлана Мендигалиевна «Адал еңбек пен шығармашылық» атты дәрісін өз өмірімен байланыстыра отырып өткізді. Дәріс барысында өз жұмысын ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылдық, адалдық, жұмысқа берілу, үздік нәтижеге қол жеткізу, шыншылдық, еңбекқорлық тақырыптарына тоқталды.
Шара «Кері байланысты» Google формаларда толтыру арқылы аяқталды.