10.10.2019 күні колледж студенттер үйінде БҚО Дін істері басқармасының және «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологы Б.Дүйсенәлімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының дайындаған бейнероликтері көрсетілді. Бейнероликтерде теріс діни ағым өкілдерінің өздерін қоғамда қалыптасқан салт-дәстүрлер мен жалпы құндылықтар көзқарасы мен ұстанымдары бейнеленген. Сонымен қатар жастарды алдына мақсат қойып, өмірде кездескен қиындықтарға төзімділікпен қарай білуге, әрқашан кедергілерден шығу жолдарын іздей білуге шақыра отырып, дәстүрлі емес дін ағымдардың шырмауына ілесіп кетпеуге шақырады. Кездесу соңына студенттер бейнероликтегі кейіпкерлердің іс-әрекеті мен жалпы қоғамдық құндылықтарды қабылдауына өз көзқарастары мен пікірін білдірді.