14 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында «Қ.Жұбанов- ғылым көгінің жарық жұлдызы» тақырыбындағы онкүндік аясында «Адамдықты көздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты-Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын пайдалану, студенттерді өлеңді мәнерлеп оқуға баулу.
18 студент қатысқан сайыс 3 кезеңнен тұрды. «Абай әлемі» кезеңінде қатысушылар ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді.
«Өлең оқып өзіңді бір танытшы» кезеңінде қатысушылар алдын ала берілген өлеңдерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды.
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»кезеңінде Абайдың қарасөздерін түсініп, жатқа оқитындығы сараланды. Сайыс қорытындысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Қазиханов Фархат 1 орын, Амангелдиева Назерке 2 орын, Мукашева Аяулым, Нұрханова Алтын 3 орынды иеленді. Сайыс барысында «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті Магданов Армат Құрманғазының «Адай» күйін тартып берсе, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Әлібекұлы Ақтілек Абайға арнаған өлеңін оқып, кешті одан әрі мазмұнды өлеңімен көркемдеді.