27.09 күні «Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасын қорытындылау конференциясы өтті. Конференция барысында машықкерлер практика есебін,педагогикалық практика күнделігін тапсырды және балалардың оқуға дайындығы,олардың мектепке қарым-қатынасы диагностикасы материалдарын тапсырды.
Сонымен қатар практикадан алған әсерлерін, мектеп мұғалімдеріне ұсыныстарын білдірді. Конференцияда директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Мұқашев М.С төрелік етіп, топтарды бағалады. Конференция соңында Т.У Маденова, Н.Е Ибатова, В.А Даулетова, Л.С Есенова әдіскерлері машықкерлерге жылы лебіздерін білдірді.