«Жасөспірім және қоғам» тақырыбы бүгінгі таңда маңызды тақырыпқа айналды, себебі өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды.
Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Осы мақсатта 26.09.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.К.Мухсинова және колледждің белсенді студенттері «Оқушылар сарайында» «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу ісіндегі ҚР бас прокуратурасының цифрлық жобаларының рөлі» тақырыбында ашық есік күніне қатысты. Шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері, олармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың орын алуы олардың өміріне тигізетін айтарлықтай зардабы туралы түсіндірді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова