Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы, мейірім тотемі. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз.
Аталған мейрамға байланысты ұйымдастырылып отырған балалар мен жастар музыкалық ансамбльдері мен оркестрлері шеруіне Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі өз үлестерін қоспақ.