Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақ мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дегендей, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің болашағы жастардың қолында. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу өсіп келе жатқан жас буынның қолында екені анық.
Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. ХХI ғасырдың табалдырығын аттаған мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?
Студенттерге бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Осы мақсатта 08.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің аясында өзін-өзі тану мұғалімі А.Р.Малышева жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен колледж студентерін кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беретін «Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та бар қалан» атты кездесу кешін ұйымдастырып өткізді.Түлектеріміз көтеріңкі көңіл - күймен болған қызықты жағдайларды еске алып, әсерлі де тартымды әңгімелерімен бөлісті. Кеш соңында студенттерге алдағы уақытта үлкен азамат болып жетіліп, Қазақстан Республикасының беделді, білімді, саналы азаматы және аялап өсірген ата – аналарының сенімін ақтайтын тұлға болып жетілулеріне тілектерін білдірді.
Өзін-өзі тану мұғалімі А.К.Мухсинова