Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқандай Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Жас Отан ЖҚ» БҚО филиал төрағасы: Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы және студенттер Алянс лидері Кунеев Муса Сансвайұлы мен «Мен таңдаған жол!» атты 1-2ші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты «Мамандық дегеніміз не?», «Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат керек?», оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Кездесу барысында келген қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кеңестер беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, келген қонақтарға сұрақтарын қойып ойларымен пікірлерін білдірді.