24 қыркүйек Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Өзін өзі басқару» ұйымы студенттері мен колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Өзін –өзі басқару» ұйымының төрайымы Қасым Алина, «Жас Отан ЖҚБ» төрағасы Мусин Бахтияр , мәдениет министрі Серіков Бағжан, спорт министрі Нұрлыбаев Сұлтан, әлеуметтік ақпараттандыру министрі Хамит Раида, «Руханият» еріктілер клубының төрайымы Кабенова Айша, «Адалдық алаңы» төрағасы Орынбасаров Береке өз идеяларын айтып, жаңа жобаларын ұсынды.
25 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студеттік «Өзін өзі басқару» ұйымының студенттік президенттікке сайлау жүрген болатын. Сайлау кезінде колледж президентіне үміткерлер, Серікова Жанаргүл 3аМК-9, Мусин Бахтияр 3асКИНФ-9, Хамит Райда3аМК-9, Амантаев Қасымхан 3асФК-9, Кабенова Аиша 2бКДО-9, Серіков Бағжан2аКШО-11, Жарланов Тамерлан 3асКИНФ-9, Нұрлан Арман 3аКШО-9 тобының студенттері өздерінің сайлау алдындағы бағдарламасымен TED форматында таныстырды. Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады : өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сайлау нәтижесі бойынша колледж студеттік «Өзін өзі басқару» ұйымның студенттік президенті Серикова Жанаргуль атанды.