Елбасының үнемі жасатрды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтін бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталғанына екпін түсіріп, бектітті. «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Жастар-Отанға!» жобасы аясында «Жас саясаткерлер» мектебіне жастарды шақырту мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжіне «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелері келіп кездесу өткізіді. Кездесудің мақсаты – жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау болып табылады.
2019 жылдың 30 қазан күні «City Center» ойын –сауық орталығына «JAS OTAN» Жастар қанатының БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Менің туым, менің Отаным» атты акция өткізілді. Акцияның мақсаты – Мемлекеттік Туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Аталмыш шараға колледжміздің «Өзін- өзі басқару» ұйымы және «Jas Otan» ЖҚ бастауыш бөлімшесінің белсенді студенттері қатысып, акцияны қолдайтынын, патриоттық сезімдері арқылы көрсете алды.