05.11.19.БҚО тарихи-өлкетану мұражайындағы көрме залында «Жастар шығармашылығы» атты шара ұйымдастырылды. Шара барысында «Жаһанша жолымен» экспедиция мүшелері Орынбор сапарымен бөлісті.
Жобаның мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестеріне жол бастаған «Алаш» идеясы тарихы мен сол бағытқа өмірін арнаған Алаш қайраткері Ж.Досмұхамедовтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы зерттеулермен танысу және ізі қалған тарихи орындарға экскурсия жасау арқылы зерделеу.
Міндеттері:
- Жаһанша жолы бойынша зерттеу тақырыптарын анықтап, зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу;
-Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы Жаһанша жолының картасын құру;
-Экспедиция мүшелерімен (жобаның ғылыми жетекшілері, оқытушылар, студенттер) Орынбор қаласына іссапарға бару;
- Орынбор қаласындағы Жаһанша есімімен байланысты тарихи-танымдық ғимараттар, жәдігерлермен танысу;
-БҚО тарихи-өлкетану мұражайында экспедиция бойынша тарихи-танымдық шаралар ұйымдастыру;
- «Жаһанша оқулары» атты Республикалық ғылыми конференция өткізу және конференция жинағын басып шығару;
Экспедиция мүшелері төмендегідей маршрут бойынша сапар шегіп қайтты.
- Орал
- Ж.Досмұхамедов ескерткіші
- Ж.Молдағалиев ескерткіші
- Тақсай қорғаны
- Елек БҚО шекарасы
- Орынбор қаласы
- Керуен сарайы
- Хусайне мешіті
- Алаш партиясының І-ІІ сьезі өткен жер
- Қазақ қайракері А.Байтұрысновтың үйі (1913-18ж )
- Қазақ АКСР-нің үкімет үйі (1920-25ж)
- И.Калугин ат. Педагогикалық колледж
- Орал
Колледжге оқуға қабылданған 1 курс студенттерін «Рухани мұра» музейімен және Жаһанша өмірімен қызметі туралы сағаттар өткізілді.