2024 жылдың 12 қарашасында күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Орал қаласы ПБ Абай ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөнінде колледж инспекторы полиция лейтенанты Елемесов Ершат Ерланович студенттерге құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ашық лекция жүргізді.
Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушыларға құқықбұзушылықтың түрлері, оның салдары және заңда көзделген жауапкершілік туралы ақпарат беру, құқықтық сауатын арттыру. Әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық туралы жалпылама түсініктеме берді, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің №188, 442, 440, 434, 423, 127 баптарына ерекше тоқталып өтті. Түсініктеме жұмыстары барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қала көшелерінде, ойын-сауық орталықтарында, беймезгіл уақытта себепсіз жүруге, зиянды заттарды (алкаголь, темекі т.б) қолдануға болмайтынын заң жүзінде түсіндіріп өтті. Сондай ақ, бөгденің мүлкіне қол сұғуға болмайтындығы ескертілді.