Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Халықаралық студенттер күні қарсаңында қараша айының 15-і күні шаһарымыздың жоғары және арнаулы оқу орындарының белсенді студенттерімен кездесті.
Еркін форматта өткен бұл кездесуде жастармен тәрбие, мамандық таңдау, адал еңбек ету, қаламызды дамыту жайында әңгіме өрбітті.Шаһарымыздың белсенді, озық ойлы жастары сан түрлі мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Мұрат Байменов өз тарапынан қала жастарының мәселесіне құлақ түріп, олардың ұтымды ұсыныстары мен тың идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіруге әрқашан ашық екенін жеткізді.Сонымен қатар,Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен оқу орындары арасындағы байқауда,”Үздік жатақхана”аталымына колледжіміздің жатақханасы лайық танылып,марапатталып,сыйлық тарту етілді.