30 қазан күні куратордың жетекшілігімен 2сКШИ-9 тобында "Қатты тәртіп көрсе бала күнінде..." атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
1) Тәртіптің адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру.
2) Балалық шақтағы қатаң тәртіп ересек өмірге қалай әсер ететінін талдау.
3) Студенттердің бойында өзін-өзі бақылау , жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру.
1) Кіріспе (Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатымен таныстыру),
2)Негізгі бөлім (Тақырып бойынша дәріс, тарихтағы және қазіргі замандағы тәртіпті адамдардың үлгілері),
3) Топтық жұмыс (Студенттер топта бөлініп, балалық шақтағы қатал тәртіптің жауапкершілік, ұйымшылдық және жоспарлау сияқты жеке қасиеттерге қалай әсер ететінің талқылады, әр топ өз қорытындыларын ұсынды)
4) талқылау (топқа арналған сұрақ: тәртіпті қалыптастырудың жалғыз жолы қатаң білім бе?,білім берудегі әр түрлі тәсілдер мен олардың салдарын талқылау.
5) «Крокодил» ойыны – сөзсіз ыммен атқарылатын ойын.
6) Қорытындылау (оқытушы тәртіп тек қатаңдық емес, сонымен қатар- ережелерді сақтау, уақыты ұйымдастыру және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау екенін атап өтті. Өзіндік тәртіпті дамыту бойынша ұсыныстар).
Қорытынды: Тәрбие сағаты белсенді атмосферада өтті. Студенттер қызығушылық пен белсенділік танытып, қатаң тәртіптің жағымды және жағымсыз жақтарын талқылады. Тәртіптің тұлғаны қалыптастыруда және болашақта табысқа жетуде маңызды рөл атқаратыны анықталды.