Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде колледж оқытушыларымен «Адалдық-ардың ісі» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданған колледжішілік «Академиялық адалдық саясатының» мәнін мен маңызын түсіндіру, талқыға салу мақсатында ұйымдастырылған шараға жаңадан келген оқытушыларымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Каримова, колледж заңгері А.Б.Зайнеддин, жастар жетекшісі М.Қ.Іслямғалиева қатысты.
Амандасу, жаңадан келген оқытушылармен танысу тренингінен соң, оқытушылар адалдық, жемқорлықсыз қоғам, заң үстемдігі туралы қанатты сөздер арқылы топтарға бөлінді. «Академиялық адалдық саясатының» мәні мен маңызын «Құқықтар мен міндеттер», «Тәртіп бұзушылықтар», «Рәсімдер» бөлімдерін топ болып талқылап, өз пікірлерін постер арқылы қорғады. Тақырыпқа сай көрсетілген бейнероликтен соң әріптестер академиялық адалдықты бұзу, оның кез-келген көріністері колледждің құндылықтар жүйесіне қарама-қайшы келетіндігі туралы өз ойларын ортаға салды.