Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” бағдарламасы аясында “Кітап-ақыл ойдың айнасы” атты ашық пікірталас шарасы 3апКШК-11 және 3апКШИ-11 студенттері арасында өткізілді.
Халқымыз білімді қадірлеген, ал білім көзі-кітап екені баршамызға аян! “Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге” - ғұлама, ақын, ұлы Абай атамыз айтқандай, ғылым мен техника,жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі -кітап! Қазіргі таңда дәстүрлі кітаптармен қатар, электронды форматтағы кітаптар сұранысқа ие. Осыған орай, пікірталастың негізгі тақырыбы “Дәстүрлі немесе электронды кітап?” болатын, қатысушыларымыз осы тақырыпта өз ойларын ашық жеткізді.Қатысушыларымызбен қатар шара көрермендері де өз ойларын қоса отырып, пікірталас шарасын ойдағыдай өтіп жатырғанына ризашылықтарын білдірді.
Сіздердің де ойларыңызды біле отырайық, дәстүрлі немесе электронды кітап, қайсысын таңдайсыз?