Ұстаздан ұлағат ұқсын деп,
Сыңғырла, күміс қоңырау!
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Білім саласындағы басты мерекеге колледждің Техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагер ұстаздары мен мамандары, колледж ұстаздары мен білім алушылар, ата-аналар қатысты.
Шара «Тілек бұрышы» тренингінен басталды. Келген қонақтарды шағын сыйлықпен құттықтап, 1-курс студенттеріне сәт сапар тілеген жүрекжарды пікірлерін постерде қалдыру ұсынылды.
Мемлекеттік Туды енгізіп Әнұраннан басталған шараның алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген колледж директоры Қайырлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы өз сөзінде колледж жетістіктеріне тоқтала отырып колледж оқытушысы «Үздік педагог-2023» З.А. Кошановаға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін табыстау құрметін п.ғ.д., профессор, ҚПҒА академигі Ш.Ғ.Құрманалинаға ұсынды.
Биылғы жылы төтенше жағдай кезінде ерікті ретінде күні-түні қызмет еткен колледждің белсенді студенттеріне Орал қаласы әкімдігінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Д.И. Шамуратов сол кездегі қала әкімі М.Сатқановтың атынан алғыс хат табыстады.
Шара барысында 1 курстың өнерлі студенттерінің орындауында Дәулеткерейдің күйі «Көрғұлы», «Тәуелсіз қазақтың қызымын» (сөзі: А.Бейсенхан әні: Е. Елгезековтікі), "Батырлар ұраны" (сөзі:Б.Әлқожа, әні: Ж.Дәулет) әндері шырқалды.
Білім күніне арналған салтанатты жиын ұлы Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер»,- деген ұлағатты сөзімен қорытындынды. Жаңа оқу жылы жемісті жыл болсын!