Математика, информатика, физика кафедрасында "Онлайн тәуекелдер және виртуалды әлемде балаларды қорғау" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру.
Міндеттері:
-Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
-Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету.
Жиналыс 2бөлімнен тұрды:
І бөлім . Ата- аналар үш топқа бөлініп, кибербуллинг, лудомания, интернетке тәуелділік туралы талқылау ұсынылды. Талқылаудан кейін спикер барлық жауаптарды қорытындылады, ата-аналар интернеттің пайдасымен қатар, зияны да бар деген тұжырымға келді.
ІІ бөлім. “Оқу инемен құдық қазғандай” жылдық қорытынды бойынша білімалушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, жазғы демалыс кездегі қауіпсіздік туралы баяндалды.
Жиналысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжегалиева Салтанат Мақсотовна қатысып, ата-аналарға ағымдағы аттестаттау емтихан бойынша баяндады.
Шара ата-аналардың "Мақал-сөздің мәйегі" мақалдың жалғасын, "Әсем әуендер" жұмбақ суреттен әнді табу және кері байланыспен аяқталды.