Қоғам игілігі үшін атқарылатын ұжымдық еңбектің көпжылдық дәстүрі ерте кезден бастау алады. Оның маңыздылығы бүгінде, климат өзгеруі мен экология мәселелері кең етек жайып жатқан кезде тереңдей түсті. Қазір сенбіліктердің қажеттілігі жоғары.
Осы мақсатта 06.04.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттері Орал қаласы әкімдігінің бастамасымен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында «Жасыл ел – жасыл Орал» атты акция аясында студенттер колледж аумағын түбегейлі тазалап, сенбілікке белсенді қатысса, белсенді студентердің қалған тобы, яғни 1акшф-11 топ студенттері ДӘІЖО Қ.Х.Мажитов, топ жетекшілері А.Аманжановнамен бірге қала сыртындағы Деркөл кенті, ПДП2 Үміт шағын ауданына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова