17.05.2024ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары Қаратөбе ауданы білім беру бөлімі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы базасында «Шығармашылық ізденіс-тиімді тәжірибе» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинар мақсаты:
- әлеуметтік серіктестік жұмыс аясын кеңейту;
- мектеп мұғалімдерінің әдістемелік білім деңгейін жетілдіруге қолдау көрсету;
- болашақ кәсіби мамандар бойында ұлттық құндылықтарды дамыту;
- кәсіби бағдар беру.
Семинарға Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы ұжымы, аудандық білім беру ұйымдарының мұғалімдері, 9,11 сынып оқушылары, педагогикалық сынып оқушылары қатысты. 2 бөлімді қамтыған семинарды алғы сөзбен Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гарапшиев Берікжан Гарапшаұлы бастады.
Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының ОӨЖЖ орынбасары М.С.Мукашев семинар барысы, колледж тарихы, жасалынып жатқан кәсіби бағдар беру жұмыстарының мазмұны жөнінде айтып өтсе, директордың ОӘЖЖ орынбасары Л.С. Есенова колледжде жүзеге асырылып жатқан «Бастауыш мектептердегі білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін инновациалық тәсілдер арқылы жан-жақты әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру мақсатында «Бастауышқа - бастамамен» жобасы», болашақ кәсіби мамандар бойында ұлттық құндылықтарды дамыту мақсатында «Тәрбие-ізгіліктің бастауы» жобасы туралы тоқталды.
Семинардың шебердік сыныбында жаратылыстану пәні оқытушысы А.Т. Зайнуллина «Бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқытудың мазмұны мен пән ерекшеліктері» көркем еңбек пәні оқытушысы Н.А.Хамзин «Дәстүрден тыс бейнелеу әдістері арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру», математика пәні оқытушысы А.Т. Утегенова «Сандар шежіресі мен туыстық атаулардың байланысы», директордың ОӘЖЖ орынбасары Л.С. Есенова «Жасөспірімдер арасындағы булинг және кибербулинг мәселесі, оны болдырмау үшін жасалған жұмыстар», арнайы пән оқытушысы Б.Қ. Ғабдолова «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көркем еңбек пәні оқытушысы Н.А. Хамзин «Заманауи технология арқылы ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
2-ші «Кәсіби бағдар беру» бөлімінде музыкалық білім беру мамандығының 3-курс студенттері өз өнерлерін ортаға салып, мамандықтың ерекшеліктерін сомдаса, Студенттік парламент президенті Н.Парахатовтың «Өзін–өзі басқару мен көшбасшылық» тақырыбында өзінің студенттік кезеңдегі өсу жолымен, мүмкіндіктермен, жетістіктерімен оқушыларымен мотивациялық сағаты мектеп оқушыларына серпіліс сыйлады.
Қаратөбе мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы А. Ж. Қизатова «Ұстаздыққа бастаған ізгі жоба» тақырыбында педагогикалық сынып жұмысын қорытындылады.
Ізденіс пен тәжірибе үйлесім тапқан семинар өз мақсатына жетті.