20 мамыр күні «Өнер – өркениеттің негізі» тақырыбында көркем еңбек кафедрасы онкүндігінің ашылуы болды. Онкүндіктің негізгі мақсаты: студенттердің шығармашылық, кәсіби іскерліктерін дамыту, рухани-адамгершілік, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, көркем еңбек мамандығы бойынша білім алып жатырған студенттердің шығармашылық жұмыстарын көрсете отырып, мамандықты көпшілікке насихаттау болып табылады. Онкүндік аясында студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, шеберлік сыныптар, көрме, сайыстар, әртүрлі қызықты шаралар жоспарланған.
3аКШТ, 4асКШТ тобы студенттері оқытушыларға және көрмені тамашалаған қонақтарға өз қолдарынан шыққан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Әртүрлі техникада орындалған жұмыстардың жасалау барысын түсіндірді.