Мемлекет басшысының шешімімен 2024 жыл «Жошы ұлысының 800 жылдығын республика деңгейінде кең көлемде атап өту» жылы болып жарияланды.
Семинар барысында баяндамашылар жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары М.Дюсенгалиев Жошы ұлысының тарихына тоқталып, Моңғол империясынан бөлінуінен бастап, Тоқтамыс ханға дейінгі оқиғаларға шолу жасады. Сонымен қатар Жошы ұлысының әлемдік тарихта алатын орнына баса көңіл бөлсе, А.Кабиева Алтын орда туралы XV ғасырдан бастап Тәуелсіздік кезеңіне дейін тарихышар, саясаттанушар және саяхатшылар мен жиhанкездердің зерттеулері мен тарихи деректеріне тоқталды. Ал Қ.Мажитов Жошы ұлысының сол кезеңде жүргізген сыртқы саясаты мен сауда-саттық мәселелеріне тоқталды.