15 мамыр күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж кітапханасы эвакуациялық пункт тұрғындары үшін «Мен оқыдым, сен де оқы!» атты шара ұйымдастырды.
Кітапханашы Г.С. Хаймулдиева ақыл кені болған кітаптың құндылығына тоқталып, қазіргі уақытта электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтының айтты.
Шараның басты мақсаты - кітап оқуға шақыру, оқырманның оқу сауаттылығын, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ тілі кафедра окытушылары Темрешева Алтынай Жауарбековна (Мағжан Жұмабаев «Шолпанның күнәсі»), Құраубай Ақгүл Сагындыковна (Лира Қоныс «Қазақша минимализм» ), орыс тілі окытушылары Молдагалиева А.Б. (Г.Мусрепов «Солдат из Казахстана»), ШагиеваН.Н.( И.Куприн «Гранатовый браслет») және ағылшын тілі кафедра оқытушылары Турежанова Г.А (Джек Лондон «Ақ азу» романы және Мұқтар Ауэзов «Көк серек» шығармасы), Дербіс Н.С (Марк Твен «Гекльберри Финн басынан кешкендері») оқыған шығармалардың мазмұнымен бөлісіп, кітап оқуда алған шабытын әңгімелеу барысында әсерлі әрі түсінікті етіп жеткізіп берді.
Сонымен қатар, эвакопункт тұрғындары өздері оқыған кітаптары туралы айтып, пікірлерімен бөлісті. 43- бөлме тұрғыны Ишанғалиева Уразғаным Жумабаевна жазушы Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығын ұнататынын айтып, «Соңғы көш» романынан алған әсерін жеткізді. Және үйінде немерелерін кітап оқуға баулитынын айтып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Жасөспірімдер арасынан 52-бөлменің тұрғыны, №33 мектептің 5 сынып оқушысы Ислямғалиев Жанболат кітап оқуға құштар екенін, әсіресе балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың шығармаларын сүйіп оқитынын айтып, балаларға осы жазушының кітаптарын оқуға ұсынды.
Кеш соңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Каримова Бахытханым Мақсотқызы сөз алып, кешті қорытындылады.